Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекке төлем жасау тәртібіне қатысты маңызды өзгеріс ұсынылды. Қаржы министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасына сәйкес, енді ауруханалар мен дәріханалар беретін түбіртектерде азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі яғни ЖСН көрсетілуі мүмкін. Осылайша ведомство МӘМС қаражатын бақылаудың тың тәсілін қолданып көрмек.