Дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр

Бір жыл ішінде медициналық қызметтердің бағасы орта есеппен 11 пайызға өскен. Ал дәрі-дәрмек бағасы 20 пайызға қымбаттап отыр. Осылайша баға өсімі инфляциядан әлдеқайда жоғары болды. Статистикалық деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Ведомстваның соңғы деректері қымбатшылықты көрсетсе, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 669 дәрі-дәрмектің бағасы арзандағанын хабарлаған еді. Осылайша мемлекеттік органдар бір-біріне кереғар статистика ұсынып отыр. Сонда қай ақпаратқа сенеміз? 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу