Қазақстан экономикасы жыл өткен сайын әлсірей береді. Алдағы екі жылда өсім ең төмен деңгейге түседі. Соңғы жарияланған халықаралық болжамдарға қарасақ, динамика айтарлықтай баяулайды. Азия даму банкі биыл Қазақстанның ЖІӨ өсімін 4,8 пайыз, ал 2027 жылы 4,5 пайыз деңгейінде болады деп болжады. Бұл соңғы үш жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.