Қазақстан ЕАЭО елдерімен сауда жүргізу тәртібін қайта қарайды

Қазақстан Кеден одағы елдерімен сауда жүргізудің тәртібін тағы бір рет қайта қарап жатыр. Мәселе әлдеқайда ауқымды. Өйткені әңгіме тек салық туралы емес, елден шығатын және елге кіретін қаржының толық бақылауға алынуы жөнінде болып отыр. Қаржы министрлігі қосылған құн салығына қатысты бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Ең басты жаңалық – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен сауда жасайтын кәсіпкерлер импорт кезінде толтыратын 328-ші нысанға жаңа мәліметтер енгізіледі. Онда валюталық шарттың есептік нөмірі, келісімшарттың жасалған күні және кей жағдайда қосылған құн салығының цифрлық теңгемен төленгені туралы ақпарат көрсетіледі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу