Қазақстанның сыртқы қарызы 180 млрд доллардан асты

Өзгеден алған қарызымыз өсіп барады. Алыс-жақын жұрттың алдында 182 млрд доллар берешегіміз бар екен. Білетіндер бұл 17 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Тарихи рекорд, - деп жатыр. Статистикалық деректерді түгендесек соңғы бір жылдың ішінде қарыздың көлемі 10,4 пайызға өсіпті. Нақты сандармен айтсақ берешегіміз 17 млрд 200 млн долларға көбейген. Қазіргі борышымыз жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына тең. Осылай жалғаса берсе, 2050 жылға қарай 45 пайызына теңеседі деген болжамдар бар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу