Ресей насихатшылары тілімен жағына сүйенеді

Ресейлік насихатшылардың қазақ халқы мен жері дегенде берекесі қашып, ғайбат сөзге баратыны көптен мәлім. Саясаткерлері де, ұлардай шулаған насихатшылары да ауық-ауық сөз боратып келе жатқаны қашан. Қазіргі алмағайып заманда олар бұл үрдісін үдетіп жатыр деуге келеді. Сондықтан ит үреді, керуен көшеді деп жайбарақат қарап отырудың реті тағы келмейді.

Другие выпуски телепроекта