Стамбулда 1,5 миллион адамның қарсылық митингісі өтті, Дағыстанда айқай-шу

Жер-жаһанда Израильге қарсылық акциялары тоқтамай жатыр. Себебі Израиль Газа аймағына жерүсті операциясын жүргізу райынан қайтпады. Ондай операцияны бастап жіберді. Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-ты жер бетінен жоямыз, аспанда да, жер астында да тірі қоймаймыз деп мәлімдеді. Ал мұның салдары бейбіт тұрғындарға ауыр тиіп жатыр. Соның ішінде Газада жас балалар мен әйелдер және қарттар қырылуда. Израиль әскерінің атқан ракеталары қанша жерден құралайды көзден ататын мерген десе де жай тұрғындардың шығынын азайта алар емес. Өйткені халық өте тығыз орналасқан аймақ, әрі ХАМАС-тың өзі халықты қалқан етуден кетәрі де емес сияқты. Газа аймағында соғыс жүріп жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу