Такси болам десеңіз, алдымен әкімдікпен ақылдасыңыз

Былтыр салық органдары такси жүргізушілерін жағадан алып, жағалай жеке кәсіпкер етіп тіркеген еді. Кейін салық кодексі өзгеріп, жыл басында қайта өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарына өткізді. Есеп-қисап енді жеңілдейтін болды деп жүрген жүргізушілерге биліктегілер тағы бір бас ауру тауып берді.  Такси болғыңыз келсе, енді әкімдікке көлігіңіз жайлы ақпаратты өткізуге міндеттісіз. Атқамінерлер тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді. Өзгеріс заңды түрде тіркелген таксопаркке де, жүргізушілерге де қатысты. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу