Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Жүргізуші куәлігін алуға енді есіл уақытыңыз кетпейді. Куәлікті алу тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Үкімет емтиханнан 3 рет құлағандарға да мүмкіндік беріп көрмекші. Яғни азаматтар емтиханды шектеусіз тапсыра алады. Бірақ ақылы негізде. Әр талпыныс арасында он күн өтсе болғаны. Бұған дейін үш тегін мүмкіндік беріліп, одан кейін қайта оқып келу талап етілетін. Енді бұл шектеу алынып тасталады. Одан бөлек процеске жаңа технологиялар енгізіліп, практикалық емтиханда бейнебақылау мен жасанды интеллект қолданылмақ. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу