Қай камера түсіріп, дрон қай жақтан кеп қалады екен деп жалтақтап жүрген жүргізушілер енді жедел жәрдем мен автобустардан да абай болуы керек. Себебі қоғамдық көліктер мен жедел жәрдемге тіпті мемлекеттік органдардың көліктеріне арнайы құрылғылар қойылып, жүргізушілердің жол ережесін бұзу әрекеті онлайн тіркелмек. Мәселені Мәжіліс депутаттары қарап, бұл бастаманы бірінші оқылымда мақұлдап жіберді.