"Қазақфильмнің" мәселесі шешілген жоқ

1399

Жекешелендірудің жоспарына енген киностудияның тағдыры әлі талқылануда. 

"Қазақфильмнің" мәселесі шешілген жоқ

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясын жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау мәселесі әлі талқылануда, деп хабарлайды abctv.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте мәлім болды. 

Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қалымжан Ибраимовтың айтуынша, аталған мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

"Қазақфильмнің" жекешелендірілетін нысандар қатарынан алынғанын құптаймын. Бұл менің жеке пікірім", – деді Қалымжан Ибраимов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін зиялы қауым "Қазақфильмді" жекешелендіруге қарсы шыққан болатын. Бұл мәселеге мәжіліс депутаттарының да үн қосқанын жақсы білеміз.

Қалымжан Ибраимовтың айтуынша, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 104 нысанды саудаға шығару жоспарланған. Іс жүзінде оның 89-ы сауда шығарылып, 39-ы 36 млрд теңгеге сатылған. Ал 15 нысанды қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданған. 

Жалпы, 1 шіледеге дейін жекешелендірудің кешенді жоспарына енген 887 нысанның 502-сі саудаға шығарылған. Оның 421-і 2016 млрд теңгеге сатылған.

"Сатылған 421 нысанның 205-і жеке және заңды тұлғалардың меншігіне өтті. 181 нысанды инвесторлар сатып алды. Сатып алушылардың қатарында барлық өңірдің өкілдері бар. Дегенмен, Алматы мен Астана тұрғындары белсенділік танытты", – деді Қалымжан Ибраимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу