"Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" ашық шығармашылық байқауы жарияланды

2063

"Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы"  ашық шығармашылық байқауы жарияланды

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасы" мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – елбасының қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық байқау  жариялайды.

Байқаудың тақырыбы"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасы" мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті - елбасының өорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

Байқаудың мақсаты қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі "Назарбаев моделін", елбасының идеялары мен бастамаларын дәріптеу,  еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін ақпараттық-имидждік тұрғыда жария ету, баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін  моральдық және материалдық ынталандыру, журналистік қоғамдастықта келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) "Үздік телевизиялық материал"(жаңалық бейнесюжеті, телеочерк, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм);

2) "Үздік радиоматериал"(радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);

3) "Газеттер мен журналдардағы үздік мақала"(мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);

4) "Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым"(ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, рецензия).

Байқаудың өткізілуі туралы барлық ақпарат ұйымдас­тырушылардың www.presidentlibrary.kz, http://www.presidentfoundation.kz сайттарында жарияланады.

Байқаудың сыйақы қоры 6 800 000теңгені құрайды.

Байқауға 2017 жылғы 1 қаңтар мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10, 213 каб., "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы"конкурсына" деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу