"Реал" Роналдудың орнын басатын футболшы іздеуді тоқтатты

872

"Реал" Роналдудың орнын басатын футболшы іздеуді тоқтатты

"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік клубта 2017/18 маусымында да ойнайтын болды. 32 жастағы португал бұл шешімін корольдік клубтың басшылығына жеткізді, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

"Реал" Роналдудың орнын басатын футболшы іздеуді тоқтатты, деп жазады AS.

16 маусымда футболшы 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан клубынан кеткісі келетіні жайлы хабарлаған еді. Бұған себеп ретінде мадридтік клубтың форвардқа салық заңбұзушылығы істерінде қажетті қолдау білдірмей отырғаны айтылған болатын.
13 маусымда испан прокуратурасы Роналдуға қатысты іс қозғаған еді. Себебі  Роналду 14,7 миллион еуро салық төлемеген деген айыпталған болатын. Ведомство өкілдері спортшының арнайы құрылған бизнес-құрылым арқылы нақты табысын жасырды деп есептейді. Өткен маусымда Роналду "Реал" сапында Испания чемпионы әрі Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу