"Сергек" камерасы арқылы 523 қылмыстық іс ашылды

682

"Сергек" камерасы арқылы 523 қылмыстық іс ашылды

Бірінші маусымға дейін 13 мың камераның монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астанадағы ахуал орталығына қала әкімі Әсет Исекешев пен "Атамекен" КҰП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев келді. Сапар барысында олар ІТ технология саласындағы Қазақстанның ең бірінші экспорт өнімдерімен танысты. 

Мамандар фото-бейнетіркеу жүйесін енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Мамандардың айтуынша, камераның арқасында қылмыс айтарлықтай азайған. "Сергек" камерасын орнату орта есеппен алғанда қылмыс санын 30 пайызға, жол-көлік оқиғаларын – 18 пайызға төмендеткен. 

"Транспорт жүргізушілерінің тәртібі күшейді. Одан басқа, 500-ден астам қылмыстық іс ашылды, оның ішінде 4 кісі өлімі бар", - деді Әсет Исекешев. 

Әкімнің сөзіне қарағанда қазіргі таңда қоғамдық орындарда адамның түр-әлпетін тани алатын жүйені енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жаңашылдық (ноу-хау) полицейлердің жұмысына көп көмегін тигізеді, яғни ТЖ жағдайы мен жаппай төбелесті тәртіп сақшылары гаджет арқылы оқиға орнын көре алады. Бұл жағдайды бағалауға және тиімді әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінде жүйе қасақана бұзушылар мен қарызы барларды да автоматты түрде анықтап бере алады. 

Тимур Кулибаев жүйенің жұмысына оң баға беріп, жекеменшік бизнес аумағында да камера орнатуда бірігіп әрекет жасауға уәде берді. 

Бүгінде қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылған. 1 - маусымға дейін Астанада 13 мың жол камерасын монтаждап, іске қосуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу