1 қарашадан бастап оқушылар демалысқа шығады

870

Білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан аяқталды.

1 қарашадан бастап оқушылар демалысқа шығады

Күзгі демалыс 1 қарашадан басталып, 7 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші тоқсанды білім алушылар 8 қараша күні дәстүрлі форматта бастайды.

Айта кетейік, бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы оқушылардың 100%-ға жуығы дәстүрлі форматта білім алды.

Бірінші тоқсанның соңында оқушылардың жалпы санының 0,04%-ы коронавирус жұқтырған. Жалпы сыныптар санының 6%-ы карантинге жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу