112 ауылдағы халық саны он мыңнан асады

518

Соңғы кезде халық саны 50 адамға жетпейтін ауылдар таратылған.

112 ауылдағы халық саны он мыңнан асады Фото: mangystauzhastary.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы жылдары тұрғын саны 50 адамға жетпейтін ауылдар таратылды. Адамдар енді ірі елдімекендерге көшіріліп жатыр. Яғни бұл жерде халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау қажет болады. Осындай ауылдардың саны қанша және бұл бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?", - деп сұрады Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың дерегінше, елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар.  

"Оның ішінде 18 елдімекенде 30 мыңнан аса халық тұрады. Олардың мәртебесін өзгерту үшін арнайы заңнамада тетіктер бар. Егер үш жыл бойы халық саны 10 мыңнан асып отыратын болса, онда облыстық деңгейдегі мәслихаттардың осы ауылдардың мәртебесін өзгертіп, қалаға айналдыруға құқығы бар. Бұл заң 2021 жылдан бастап қолданысқа енді. Қазір облыс әкімдіктері осындай мәслихаттардың өтінімдерін қарастырып жатыр. Бірақ әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу