15 тамызда әскери техникалар "Мәтібұлақ" полигонына жеткізіледі

773

15 тамызда әскери техникалар "Мәтібұлақ" полигонына жеткізіледі

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері артиллеристерінің лагерлік жиыны өтеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі арнайы хабарландыру жасады, деп жазады  inbusiness.kz.

"Жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады. 

Әскери техниканың қозғалысы сондай-ақ 15 тамызда да (дүйсенбі күні) іске асырылады. Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі "Мәтібұлақ" полигонына қарай қозғалады",- деп жазылған хабарландыруда.

Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу