Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлді Зүлфияның үйінен алып кетті

306

Кейін оларды тұрақты орынға көшіру мәселесі пысықталады.

Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлді Зүлфияның үйінен алып кетті Фото: видеодан алынған кадр

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлдің қауіпсіз ортаға көшірілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

 "Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай тағы да жайлы, тұрақты орын қарастырамыз. Қыздардың тағдырына алаңдап, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет", – деп жазды журналист Инстаграм парақшасында.

Руслан Өтепбайдың сөзінше, әлеуметтік желіде Құндыздың оған қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатыр. Журналист бұл жағдайға мән бермеуді сұрады. 

"Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты – психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік. Құндыздың еркелігін көтере алмасам, несіне аға болып жүрмін", – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңілінің қамқоршысы туралы тың дерек шыққанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу