170 миллион теңгені қалтаға басқан: Көкшетауда жағалауды жөндеуге бөлінген ақшаға қатысты үкім шықты

126

Қалалық сот 20 сәуірде бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық істі қарап, 3 айыпталушыға шешім шығарды.    

170 миллион теңгені қалтаға басқан: Көкшетауда жағалауды жөндеуге бөлінген ақшаға қатысты үкім шықты Фото: karelia.ru

Көкшетау қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау өкілі және мердігер ұйымының басшысы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде алаяқтық), 361-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) және 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының арнайы прокурорлары жүргізген тергеу барысында 2020 жылы "Қопа"көлі жағалауындағы құрылыс кезінде топ мүшелері 170 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Кейіннен жымқырылған қаражат заңдастырылған.

Кінәлі тұлғалардың әрқайсысы сәйкесінше 5 жыл 8 ай, 6 жыл 8 ай және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу