18 мыңнан астам қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

471

Өтініштердің басым бөлігі е-Gov арқылы түсуде.  

18 мыңнан астам қазақстандық банкроттыққа өтінім берді Фото: egov.kz

3 наурыздан бастап осы уақытқа дейін жеке тұлғалардан банкроттық бойынша 18 мыңнан астам арыз келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде. “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:

  1. борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы;
  2. борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;
  3. некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);
  4. Банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі”, - делінген хабарламада.

 

Тексеріс автоматтандырылған нысанда тіркеуші мемлекеттік органдардың, банктердің және кредиттік бюролардың электрондық деректері базасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу