189 млн теңгелік жер телімдері мемлекетке қайтарылды

325

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті.  

189 млн теңгелік жер телімдері мемлекетке қайтарылды Фото: nege.kz

Зеренді ауданының прокуратурасы "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ қызметіне жүргізілген тексеріс барысында жер заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, аудан әкімдігі тарапынан заңды тұлғаларға бау-бақша өсіру үшін жер телімдері өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен негізсіз берілген. Алайда мұндай жерлер тек Қазақстан азаматтарына ғана ұсынылуы тиіс.

Сонымен қатар жер телімдері конкурстық рәсімдерсіз беріліп, олардың аумағы заңмен белгіленген нормадан бірнеше есе асып кеткені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 788 гектарды құрайтын, құны 189 млн теңгеден асатын 12 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімдері қабылданды.

Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыс прокуратураның бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу