2,6 мыңнан астам мерзімді қызмет сарбазы "несиелік демалыс" алған

307

Несиелік демалыс алу процесінде бірқатар бюрократиялық кедергілер анықталды.

2,6 мыңнан астам мерзімді қызмет сарбазы "несиелік демалыс" алған Фото: УТРК

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, 2600-ден астам мерзімді қызмет сарбазына 13 айға "несиелік демалыс" берілген. Алайда мұнда бірқатар бюрократиялық кедергілер бар екені анықталды.

"Атап айтқанда, сарбаздар өтінішті қолмен жазады. Кейіннен бұл өтініш қаржы ұйымына жетемін дегенше бірнеше ай өтеді. Осы аралықта оған айыппұлдар есептеледі. Мұны болдырмау үшін Мемлекеттік кредиттік бюромен бұл қызметті проактивті форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни, сарбаздардың өтініш жазбай, олардың ЖСН-нін интеграциялық шлюз арқылы Мемлекеттік кредиттік бюроға жіберу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Өз кезегінде кредиттік бюро несиесі мен берешегі бар сарбаздарды анықтап, олардың деректерін өз жүйелері арқылы қаржы ұйымдарына жібере алады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу