"20 жылдан 23 жылға дейін жаза арқалады": Шымкентте спорт шеберін ұрлап өлтіргендерге үкім шықты

809

Оларға 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"20 жылдан 23 жылға дейін жаза арқалады": Шымкентте спорт шеберін ұрлап өлтіргендерге үкім шықты Фото: Бейнежазбадан

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты еркін күрестен спорт шебері 40 жастағы Василий Колесниковтың өліме қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Сот үкімі 4 қараша күні жарияланды.

Айыпталушы Мұқсут Арысбаев 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен Рауан Іңкәрбеков пен Дархан Қызбалаев – 22 жылға, Әлихан Ерімбет – 21 жылға, ал Бекасыл Жұманазар 20 жылға сотталды. Бұдан бөлек Жанділдә Қуандықовқа бұрынғы үкім бойынша өтелмеген жаза мерзімі қосылып, жалпы 20 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс бойынша тағы бір айыпталушы Марат Дәуласовқа іздеу жарияланды. Ал тергеуге "Баха" деген лақап атымен белгілі болған сыбайластың тұлғасы әлі анықталмады.

Айта кету керек, бұған дейін Шымкентте еркін күрестен спорт шебері, 40 жастағы Василий Колесниковтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі басталғанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу