2021 жылы Еуропада электрокар саны 3 есеге артады

860

2021 жылға қарай электр қуатымен жүретін 214 көлік түрі жасап шығарылмақ.

2021 жылы Еуропада электрокар саны 3 есеге артады

Еуропаның экологиялық топ өкілдерінің айтуынша, 2021 жылға қарай электр қуатымен жүретін 214 көлік түрі жасап шығарылмақ. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда, 60 модельге көбірек. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

214 көліктің 92-сі тек электр күшімен жүрсе, қалғандары қуат көзімен қатар жанар-жағармай қолданады. 

Басылымның хабарлауынша, мұндай автокөлік жасайтын зауыттардың көбі Германия, Франция, Испания және Италияда салынбақ. 2023 жылға қарай Еуропада литий-ионды батарея өндіретін 16 ірі зауыт ашылады. 

Сарапшылардың айтуынша, жергілікті үкімет жанармай және дизельмен жүретін көлік иелеріне салынатын салықты көтерсе, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін көліктерге сұраныс арта түседі. 

Осы аптада қытайлық Lotus құны 2 миллион фунт стерлингтік жаңа гиперкарды жұртшылық назарына ұсынды. Ол сағатына 322 шақырымға дейін жылдамдықты еңсере алады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу