2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жасалған операциялар 32,7%-ға өскен

507

Ал ел ішіндегі ақша аударымдарының көлемі 34,6%-ға артқан.

2022 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жасалған операциялар 32,7%-ға өскен Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда 2022 жылы халықаралық ақша аудару жүйелері (ХААЖ) арқылы жүзеге асырылған ақша аударымдарының жалпы көлемі 1,8 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 32,7%-ға артық, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Транзакциялардың негізгі үлесі – яғни 94,7%-ы Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдары екені хабарламада атап өтілді.

2022 жылға шетелге жіберілген және шетелден алынған ақша аударымдарының орташа сомасы шамамен бірдей: тиісінше 415 мың теңге және 413 мың теңге.

"Бұл ретте Қазақстаннан шетелге жөнелтілген ақша аударымдары көлемінің 2,4%-ға шамалы ұлғаюы аясында ХААЖ арқылы басқа елдерден алынған ақша аударымдары көлемінің айтарлықтай (2,4 есе) өсуі байқалады. 2022 жылы ХААЖ арқылы алынған ақша аударымдарының өсуі Ресей (6,8 есеге), Қырғызстан (өсім 2,8 есеге) және АҚШ-тан (33 есе өсті) ақша аударымдары көлемінің ұлғаюымен байланысты болды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2022 жылы ел ішіндегі ақша аударымдарының көлемі 34,6%-ға артқан. ХААЖ арқылы бір жергілікті ақша аударымының орташа сомасы 178,8 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес көрсеткішінен 58%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу