2029 жылы дуальды оқытумен 160 мыңға жуық студент қамтылмақ

330

Республикада 72 мыңнан аса студент дуальды оқыту негізінде білім алуда.  

2029 жылы дуальды оқытумен 160 мыңға жуық студент қамтылмақ Фото: Freepik

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту мәселелеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің хабарлауынша, бүгінде 558 колледждегі 72 мыңнан аса студент дуальды оқыту негізінде білім алып жатыр.

"2029 жылы 160 мыңға жуық студентті қамтитын боламыз. Екі жылдың ішінде 40 263 бітіруші түлек 1,5 жылға дейін еңбек өтілімен нарыққа шығуға мүмкіндік алды.  Дуальды білім беруді кеңейтудің бір тәсілі – колледждерді қамқорлыққа алу. Қазіргі таңда 498 кәсіпорын 410 колледжді қамқорлыққа алды. Кәсіпорын өкілдері қамқоршылық кеңестерге кірді", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгінде кәсіпорындармен 1 млрд теңгеге жуық қаржыға колледждерді жарақтандырды.

"Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп кәсіптік, білім және ворлдскилс стандарттарының талаптарын және өңірлік ерекшеліктерін ескеріп 4 мыңнан аса білім беру бағдарламаларын әзірледі. Бағдарламалардың өзектілігі мен сапасын колледждер жанынан құрылған жұмыс берушілерден тұратын Индустриялық кеңестер сараптайды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу