240 әскери қызметшіге баспана кілті табысталды

1129

240 әскери қызметшіге баспана кілті табысталды

Қазақстанның қорғаныс ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарын аралады. 

Жұмыс сапары барысында ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге жаңа тұрғын үйлерден 240 пәтердің кілттерін табыстады.

"Гарнизондарда тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әскери қызметшілердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуы деңгейін арттыруға, олардың Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет етуге ынталандыруы көңіл бөлуінің жарқын үлгісі", – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі салтанатты шарада.

Әскери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігі қызметінің басымдық бағыттарының бірі болып табылады.  Жыл сайын ҚР Қарулы Күштерінде құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу арқылы оң мыңдаған шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Мерейтолық 2016 жылы Ақтау, Аягөз, Сарыөзек және Гвардейск гарнизондарында 474 пәтер мен жатақханадағы 100 бөлменің құрылысы аяқталды, делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына келіп түскен Ми-35М жаңа көп мақсатты соққы тікұшақтарын қарап шықты. Жауынгерлік тікұшақтардың аталмыш үлгісі басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақтың көмегімен жерүсті нысаналар бойынша атыс тапсырмаларын орындау қабілеттілігіне ие екенін айта кеткен жөн.

Одан басқа, Алматы қаласында ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің ардагерлерімен қауышып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады және қазақстандық армияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін әрқайсысына алғыс білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу