29 мыңға жуық қазақстандық skills.enbek.kz платформасында оқыды

470

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  

29 мыңға жуық қазақстандық skills.enbek.kz платформасында оқыды Фото: google

Жыл басынан бері 28,9 мың азамат skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстан өткені жөнінде сертификаттар алды. Оның ішінде 1,4 мыңға жуығы жұмыссыз азаматтар, деп жазады inbusiness.kz

Ақпаратқа сәйкес, платформаға 220,9 мың қазақстандық тіркелген.

"Оның 28,5 мыңы биыл тіркелді. Оқудан өткен 6,2 мың жұмыссыз азаматтың 1,1 мыңы Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары. Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыт бойынша 211 курс жариялады, оның 155-і – тегін. Курстардың ұзақтығы – 1 сағаттан 72 сағатқа дейін", - делінген хабарламада.

Онлайн платформадағы ең танымал курстар: "Сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіру", "Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны", "Құлпынай өсіру", "Сүтті ірі қара өсіру", "Персоналды басқару" және "Кассир".

skills.enbek.kz-те ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау, туризм, бизнес, энергетика, маркетинг және менеджмент, білім беру және тәрбие салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны артып келеді.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқынын, оқыту тілін, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өзі таңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу