3,5 мың ауылға ерекше көңіл бөлінеді

760

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздегі  6 316 ауылдың арасынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелініп алынғанын айтты. 

3,5 мың ауылға ерекше көңіл бөлінеді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Бұл ауылдарды дамыту "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, осыдан 2 жыл бұрын ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін  жаңа өңірлік стандарт қолданысқа енгізілді. 

"Биыл "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында 1,3 млн адам тұратын 480 ауылдың дамуына 105 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға мүмкіндік береді", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу