"380 млн теңге несие алып берем": Ақтауда алаяқ ұсталды

436

21 жастағы алаяқтың үстінен Ақтау тұрғыны арызданған.   

"380 млн теңге несие алып берем": Ақтауда алаяқ ұсталды  Фото: vera.kz

Ол "380 млн теңге несие алып беруге көмектесемін" деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан 3 900 000 теңге мөлшерінде қаражат алған болып шықты. Бұл қаражат 380 млн теңге көлемінде несие рәсімдегені үшін алдын ала жасалған төлемі көрінеді.

Аталған факт ҚР ҚК 190-бабы алаяқтық бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Полиция қызметкерлері алаяқтыққа әкеліп соқтыратын түрлі жағдайлардан сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу