41,7 пайыз оқушы дәстүрлі оқу форматына көшті

876

2 млн оқушы әлі қашықтан білім алып жатыр.

41,7 пайыз оқушы дәстүрлі оқу форматына көшті

Қазақстандық оқышулардың тең жартысынан астамы әлі қашықтан оқи бермек. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осылай деп отыр.

"Бүгінгі күнгі деректер бойынша оқу процесін ұйымдастыру келесідей форматта жүргізіліп отыр. Жалпы қазақстандық мектептерде 3,4 млн оқушы оқитын болса, олардың 1-5 сыныптағы 24 пайызы кезекші сыныптарда оқуды жалғастырып жатыр. Оқушылардың саны 300-ге дейінгі мектептерде 10,3 пайыз оқушылар штаттық форматта білім алуда. Жаңадан 9,11 және 10,12 сыныптардың 7,4 пайыз оқушылары (260 мыңнан астам оқушы) дәстүрлі штаттық форматта оқуды бастады. Бүгінгі күні 58,3 пайыз оқушылар қашықтық форматта оқуларын жалғастыруда. Бұл 2 млн оқушы. Ал 41,7 пайыз оқушылар штаттық форматта оқытуға ауыстырылды", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу