443 мың адамның кредиті кешіріледі

2740

Мәліметтер базасын тексергеннен кейін қаражат жетпей қалса, Үкіметтің қорынан тағы қосымша ақша бөлінеді.

443 мың адамның кредиті кешіріледі

Кепілсіз тұтынушылық несиелері кешірілетін азаматтар тізімінде 443 мыңнан астам адам бар, деп мәлім етті Қазақстан парламенті сенатының депутаты Серік Бектұрғанов.       

"Үкіметтің есептеуінен аталған шарамен 443 мың 230 адам қамтылатынын көріп отырмыз", – деді деді бейсенбі күні пленарлық  отырыста.       

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев тап қазіргі уақытта тізімде осы сан көрсетілгенін айтты.      

"Алайда Үкімет барлық мәліметтер базасын нақтылаған жағдайда бұл тізімді қосымша толтыру керек болса, қаржы министрлігімен оларды қолдау үшін қосымша қаражат қарастырылатыны туралы уағдаластық бар",– деді Ерболат Досаев.

Еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, "мәліметтер базасын тексергеннен кейін қаражат жетпей қалса, Үкіметтің қорынан тағы қосымша ақша бөлінеді".

Депутат Бектұрғановтың айтуынша, Қазақстанда тұтынушылық несие алған адам саны 5 млн. 

Депутат Ольга Перепечинаның айтуынша, бүгінгі күні барлық тұтынушы несие бойынша қарыз 4 трлн теңгеден асады.

"Қазақстан халқының 27%-ы борышкер, яғни жұмыс істейтін он адамның әр алтыншысының тұтынушылық қарызы бар. Оның сыртында ипотекалық, автонесие, бизнес-кредиттер бар", – деп атап кетті ол .

Еске салар болсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктерде несиесі бар елдің аз қамтылған азаматтарының қарызын, сондай-ақ 1 шілдеге дейінгі айыппұлдары мен өсімақыларын кешіруге жарлықққа қол қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу