7 айда банктер көл-көсір пайдаға кенелді

771

Өткен жылы еліміздегі 5 екінші деңгейлі банк шығынға ұшыраған, ал үшеуі лицензиясынан айырылған.

7 айда банктер көл-көсір пайдаға кенелді

2021 жылғы қаңтар-шілдеде банктердің жиынтық пайдасы 812,2 млрд теңге болды. Бұл рекорд көрсеткіш болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы кезеңде Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің кірісі 17,8 трлн теңге болды, өткен жылмен салыстырғанда 28,6% аз. Бұл ретте табыс салығын есепке алмағанда шығын 30,8% немесе 16,9 трлн теңгеге дейін қысқарды.

Биыл 7 айда екінші деңгейлі банктердің табыс салығының көлемі 94,9 млрд теңгеге жетті. Бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 27,4% артық.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде банктердің жиынтық пайдасы 812,2 млрд теңге болды. Бұл рекорд көрсеткіш болып саналады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайда көлемі бірден 80,5% өскен.

Сонымен қатар 7 айдағы банктердің пайда көлемі өткен жылдардағыдан асып түседі, тек 2010 жылғы көрсеткішті қоспағанда. Онда көрсеткіш 1,4 трлн теңге болған.

Осылайша, 2020 жылы екінші деңгейлі банктердің табысы – 726,8 млрд теңге, 2019 жылы – 812 млрд теңге болды.

Банктер бойынша жиынтық пайдаға тоқталайық. Биыл қаңтар-шілдеде табыс шығыстан асты: 812,9 млрд теңге. Тек AlHilal Ислам банкінде шығыс табыстан асып түсті: 639,4 млн теңге.

Ең көп пайда тапқан банктер тізіміне Halyk Bank енді: 254,2 млрд теңге, кіріс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Кейін Kaspi Bank (64,5 млрд теңге) тұр. Үздікті үштікті Jusan Bank қорытындылады: 126,6 млрд теңге. Ол АТФБанкті қыркүйекте өзіне қосып алған еді.

Еске салайық, 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 5 екінші деңгейлі банк шығынға ұшырады, оның үшеуі лицензиясынан айырылды: AsiaCredit Bank, Capital Bank және Tengri Bank. AlHilal Ислам банкі өткен жылы да шығынға ұшыраған: 14,4 млн теңге. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде
"Нұрбанкта" 39,7 млрд теңге шығын болған, ал биыл банк 942,4 млн теңге пайда тапқан.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу