9 сәуірде Атыраудан Алматыға қосымша әуе рейсі қатынайды

117

Бұған су тасқыны жағдайына байланысты сұраныстың артуы себеп болып отыр. 

9 сәуірде Атыраудан Алматыға қосымша әуе рейсі қатынайды Фото: airastana

Air Astana 9 сәуірде Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша әуе рейсі қатынайтынын алға тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тасымалдаушы Airbus A321 ұшағымен Алматыдан Атырауға және кері бағытта KC 8770 және KC 8780 рейстерін орындайды. Алматыдан Атырауға рейс 17:00-де, ал кері бағытта 21:15-те орындалады.

Әуекомпанияның басшылығы мұндай шешімді Атырау облысындағы су тасқынына байланысты қабылдап отыр. Себебі бұған дейін әлеуметтік желіде әуе билеттерінің бағасы 135 мыңнан басталып, 600 мыңнан асып кеткені туралы ақпарат тараған.

Авиабилеттерді әуекомпанияның сайтынан, Air Astana қосымшасынан немесе Бронmдау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Air Astana баспасөз қызметі зардап шеккен өңірге гуманитарлық көмекті тегін жеткізу туралы мәселе қарастырылып жатқанын алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу