Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 11 мыңнан астам АӘК алушы қамтылды

408

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 11 мыңнан астам АӘК алушы қамтылды Фото: ҚР Еңбекмин

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын 11,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды.  Оның ішінде тұрақты жұмысқа 6,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 3,6 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 895 адам, жастар практикасы арқылы 50 адам жұмысқа орналастырылды. Оқытумен 66 адам қамтылды, 246 АӘК алушыға кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдем көрсетілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР Еңбекминге сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға АӘК тағайындалды.

Шартсыз ақшалай көмек – құрамында еңбекке қабілетті адамдар жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі 3 жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек – құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Бұл ретте олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына белсенді қатысуы міндетті шарт болып табылады.

Шартты ақшалай көмекті еңбекке қабілетті алушылардың құрылымында – 124,8 мың адам, оның ішінде 72,7 мың адам өтініш берген кезде жұмыс істеген, 282 адам тәуелсіз жұмыскерлер, 44,4 мың адам күтіммен айналысқан, 7,4 мың адам жұмыссыз болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу