Абай облысында балық аулауға тыйым салынды

285

Уылдырық шашу кезінде балық аулағандар түрме жазасына кесіледі.

Абай облысында балық аулауға тыйым салынды Фото: inbusiness.kz

10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Абай облысында балық аулауға тыйым салынады. Бұл туралы әкімдікте хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz Abainewskz порталына сілтеме жасап.

"Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының" бұйрығына сәйкес өңір аумағында осы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында ақ балық түрлерін аулауға тыйым салынады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Ақ балықтар тұқымдасының ең танымал және кең таралған балықтарының тізіміне: пелядь, ала балық, муксун, тугун, амур ақ балығы, байкал түркесі, пыжьян, ақ балық кіреді. 

Дәл осы кезеңде ақ балықтар тұқымдасына кіретіндер уылдырық шашады, түрлердің көбеюіне кедергі келтірмес үшін шенеуніктер осындай шараны қолға алып отыр.

Бұған дейін Экология министрлігі уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар түрме жазасына кесілетінін ескерткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу