Әбу-Даби әмірлігі Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

550

БАӘ-нің ірі бизнесмендерінің бірі, Etihad Towers көп функционалды кешенінің иесі, "First Abu Dhabi Bank" акционері, Әбу-Даби Әмірлігіндегі билеуші ​​отбасының өкілі Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Ақтауға келді.

Әбу-Даби әмірлігі Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзінің дайын екенін және БАӘ-нің басқа да ірі компанияларының қызығушылығын бар екенін айтты.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолайлы инвестициялық ахуал құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде инвестициялар тарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізіп жатқанын жеткізді. Маңғыстау өңірінде инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін қолданыстағы заң аясында барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын деп мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар БАӘ өкілдері мен Маңғыстау облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың аспектілерін талқылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу