Әділет подполковнигі 13 тонналық МИ-17 тікұшағын 15 метрге сүйреп рекорд жасады

552

Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанатты шарада Әділет подполковнигі, пауэрлифтингтен спорт шебері Бауыржан Камалиев жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Әділет подполковнигі 13 тонналық МИ-17 тікұшағын 15 метрге сүйреп рекорд жасады  Фото: polisia.kz

Бұған дейін локомотивтерді, аэробусты және джиптерді сүйреген палуан бұл жолы 13 тонналық МИ-17 тікұшағын 15 метр қашықтыққа сүйреп, рекорд орнатты. Оның бұл жетістігін ҚАЭА – Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалықтың өкілдері тіркеді. 

19132 әскери бөлімінде өткен мерекелік шараға Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов және Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов қатысты. 

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов рекорд иесін құттықтап, жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектес екенін білдірді. Сондай-ақ, қонақтар мен әскери қызметшілерді наурыз мерекесімен құттықтады. 

Мерекеге Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музыканттары мен әртістері қатысты. Сонымен қатар Қуаныш Ерзатұлы, Ағыбай Удешов, Бауыржан Нұрымбетов сынды "Алатау серілері" триосының әншілері қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу