АЭА қызметінің тиімділігін арттыру үшін салалық заңға түзетулер енгізілді

392

Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларына заңнамалық реформа түсіндірілді. 

АЭА қызметінің тиімділігін арттыру үшін салалық заңға түзетулер енгізілді Фото: google.com

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев арнайы экономикалық аймақтардың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шаралар туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша министрлік бірқатар заңнамалық түзету әзірледі.

Оған сәйкес бірінші кезекте жеңілдіктер берудің дифференцияланған тәсілін енгізу көзделіп отыр. Демек АЭА қатысушыларына жеңілдіктер салынған инвестициялар көлеміне байланысты сараланып, ұсынылады. Осы амал республикалық бюджетке құйылатын салық аударымдарын арттыруға септігін тигізеді деп күтіліп отыр.

"Тың тетіктер қатарында аралас режім тәсілін енгізу қарастырылған. Яғни, АЭА-тың басым қызмет түрлерімен байланысты жобаларға жеңілдіктер беріледі. Ал басым бағыттағы жобалармен айналыспайтын қатысушыларға индустриялық аймақтарда секілді тек инфрақұрылымы қарастырылған жер ғана ұсынылып, оларға кедендік және салықтық жеңілдіктер берілмейді", - деді Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек АЭА қатысушылары барлық инвестициялық міндеттемені орындап, қолға алынған жобаларды іске асырғаннан кейін 3 жыл өткен соң жер учаскесін сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ аталған реформа өтінімдерді қарау рәсімдерін стандарттау арқылы басым қызмет түрлерінің тізімін кеңейту мерзімін қысқартуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу