Air Astana рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізеді

141

Себебі Астана әуежайының жұмыс кестесі өзгереді.  

Air Astana рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізеді Фото: inbusiness.kz

15 сәуірден бастап Air Astana компаниясы рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Air Astana 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлайды. Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді", – делінген әуе компания таратқан хабарламада.

Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етілуде.

Айта кету керек, бұған дейін Астана мен Шымкент әуежайларында рейстер кестесі өзгеретінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу