Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

620

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды. 

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Айдарбек Сейпілұлы Сапаров тағайындалды.

Айдарбек Сейпелұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған.

Білімі:

1984 ж. – бухгалтерлік мектеп.

1992 ж. – Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

2006 ж - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін  "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1984 ж. – кеңшар бухгалтері.

1992-1995 жж. – Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры.

1995-2003 жж. – "Ноғайбай" ЖШС директоры, бас директоры.

2003-2005 жж. – "Азық-түлік корпорациясы АҚ" Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары.

2005-2006 жж. – "Азық-түлік корпорациясы АҚ" Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары..

2006 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы.

2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.

2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

2001-2019 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 18 наурызынан – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: "Кұрмет", "Парасат" ордендері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу