Ақмола облысында браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіленді

343

Аталған дерекке қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Ақмола облысында браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіленді Фото: Polisia.kz

Ақмолалық полицейлер браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 шілде күні Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Қорғалжын ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шолақ көлінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында екі үрлемелі қайықтың иелерін ұстады.

Тексеру нәтижесінде полицейлер ер адамдардың жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын тыйым салынған синтетикалық ауларды пайдаланып, балық аулағанын анықтады. 

Аталған дерекке қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу