Ақмола облысында жеткізуші сүт өнімдерінің бағасын 45%-ке қымбат сатқан

441

Ол 1 литрі 310 теңге тұратын айранды 450 теңге деп көрсеткен.  

Ақмола облысында жеткізуші сүт өнімдерінің бағасын 45%-ке қымбат сатқан Фото: eldala.kz

Ақмола облысында жеткізуші сауда желілеріне сүт өнімдерінің бағасын 45% үстемемен өткізген, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Жеткізуші – жеке кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде тауар үстемесін асырып жіберген. Майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айранның 1 литрі – 310 теңге, ал жеткізуші 450 теңге деп көрсеткен. Сауда үстемесі – 45,2%", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жеке кәсіпкер майлылығы 5 пайыздық сүзбені сауда желілеріне 1 560 теңгеден өткізген. Ал өзі өндірушіден 1 300 теңгеден сатып алған. Сауда үстемесі – 20%.

Ақмола облысы бойынша делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қарауына үстемеақыдан асып кету фактісі бойынша материалдар жіберілді.

Сонымен қатар, жеткізуші өнімге сауда үстемесін 15%-ға дейін төмендететінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу