Ақмола облысында жұмысшы биіктіктен құлап көз жұмды

503

Тәртіп сақшылары еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында жұмысшы биіктіктен құлап көз жұмды Фото: pexels

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 24 қыркүйек күні сағат 14.15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясынан жұмыс орнында ер адамның қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводское кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы көз жұмғанын анықтады. Ер адам биіктіктен бекітілген бетон тірегімен бірге құлап, қайтыс болды. Полицейлер осы дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Бүгінде мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу