banner

Ақмола облысының ПД-де алғаш рет тұсаукесер рәсімі өткізілді

817

Тұсау кесу құрметі Департаменттің бірінші басшысы генерал-майор Думан Таевқа берілді. 

Ақмола облысының ПД-де алғаш рет тұсаукесер рәсімі өткізілді Фото: polisia.kz

Полиция полковнигі анықтау басқармасының бастығы Қанат Рыспаев пен оның жұбайы учаскелік полиция инспекторы подполковник Анар Рыспаеваға Наурыз Мейрамы биыл ерекше. Көктемнің басты мерекесі қарсаңында полицейлердің қызы - бір жасар Мәрияммен қазақтың ежелгі тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Наурыз Мейрамы мерекесіне орай қалыптасқан дәстүр бойынша ведомстволық мұражайда киіз үй түріндегі арнайы бұрыш безендіріліп, дастархан жайылып, іс–шара қонақтары наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу