TikTok-та Ақорданың аккаунты пайда болды

615

TikTok-тағы Ақорда аккаунтының ашылғанына 14 күн болды. 

 TikTok-та Ақорданың аккаунты пайда болды Фото: tengrinews.kz

Аккаунтқа "көк құсбелгі" берілді, яғни оны TikTok әкімшілігі тексерді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақорда парақшасына 2 апта ішінде 5 мыңнан астам адам жазылды. Қазіргі уақытта ең танымал жазба – Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ Президентімен кездесуінің үзінділері. Бейнероликті 30 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Ақорданың алғашқы жазбасы 13 қаңтарда жарияланды.

Қазақстандық БАҚ Ақорданың әлеуметтік желілеріне арналған бейнероликтерге мобилограф Ғабиден Құрышбеков жауап береді деп жазады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу