АҚШ демократтары Трампқа импичмент жариялау мәселесін көтерді

362

АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекетінен кейін елдегі демократиялық партияның кейбір өкілдері оның импичменті бойынша бастама көтерді. 

АҚШ демократтары Трампқа импичмент жариялау мәселесін көтерді Фото: @ Anna Moneymaker/Shutterstock

Осыған байланысты Иллинойс штатының демократы Делия Рамирес әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көптеген америкалық ауыр дежавю сезімімен оянды. Бостандық деген желеумен соғысқұмар әкімшілік шындықты бұрмалап, басқыншылықты ақтауға тырысып жатыр. Олар ресурстарды иемденіп, өз байлығын арттыру үшін елді заңсыз әрі соңы жоқ соғысқа тартып отыр. Осыған байланысты конгрессвумен Ильхан Омар ұсынған Конгрестің өкілеттігін нақтылайтын соғыс өкілеттіктері туралы резолюцияны қабылдау қажет. Сондай-ақ Дональд Трампқа импичмент жариялануы тиіс", – деп жазды Делия Рамирес.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп енді Колумбия, Мексика және Кубаға ескерту жасағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу