Трамп енді Колумбия, Мексика және Кубаға ескерту жасады

571

Ақ үй басшысы журналистерге сұхбат берді. 

Трамп енді Колумбия, Мексика және Кубаға ескерту жасады Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия, Мексика және Кубаға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Куба құлдырауға жақын тұр. Қазір Кубаның ешқандай кірісі жоқ. Барлық табысын олар Венесуэладан, Венесуэланың мұнайынан алған", – деді Трамп Air Force One ұшағында.

Анадолы агенттігінің жазуынша, АҚШ президенті Мексикадағы жағдайға да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мемлекет есірткі картельдерінің бақылауында тұр. Дональд Трамп Мексика президенті Клаудия Шейнбауммен келіссөздерінде қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін америкалық әскерді жіберу мүмкіндігін ұсынғанын айтып қалды. Бұдан бөлек Ақ үй басшысы Колумбиядағы ахуалға жеке тоқталды. Ол "Колумбияға қарсы операцияны" жүргізу идеясына оң қарайтынын жасырмады.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Венесуэланың уақытша басшысына маңызды үндеу жолдағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу