banner

АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық қару қолдануға дайын

1186

АҚШ Солтүстік Кореяға ядролық қару қолдануға дайын

АҚШ Солтүстік Кореяға қажет болса, ядролық қару қолдануға дайын, деп хабарлайды 24.kz.

АҚШ қорғаныс министрлігінің басшысы Джеймс Мэттистің айтуынша, егер Пхеньян тарапынан АҚШ одақтастарына қауіп төнсе, Вашингтон бірден жауап қайтарады.

"АҚШ-қа немесе біздің одақтастарға төнген кез келген қауіпке қатаң жауап беріледі. Халықаралық қауымдастық Солтүстік Корея тарапынан үлкен қауіп төніп тұрғанын бірауыздан қуаттап отыр. Біз бұл елді тып-типыл жойып жіберуді мақсат етіп отырған жоқпыз. Бірақ қажет болса, бұлай етуге де қауқарымыз жетеді", - дейді Джеймс Мэттис.

Ал Солтүстік Кореяның соңғы ядролық сынағына байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізеді. Басқосуда Жапония мен Оңтүстік Корея Пхеньянға қарсы шараны қатаңдатуды ұсынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу