Ақтауда ерлі-зайыпты қорқытып алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден 3 млн теңге талап еткен.
Маңғыстау облысының прокуратурасы мәліметінше, сот 2026 жылғы 25 қыркүйектегі үкімімен Р. және А. есімді азаматтарды Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп таныған.
Тергеу барысында ерлі-зайыпты күш қолданумен қорқытып, интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметтерді иемденгені анықталған. Кейін осы ақпаратты пайдаланып, жәбірленушілерден ақша талап еткен.
Сот үкімімен А.-ға 4 жыл 6 ай, ал Р.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Р.-ның жазасын өтеуі бір жылға кейінге қалдырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.